26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» сырт алаңда «Брентфорд» командасынан ұтылды

«Ливерпуль» сырт алаңда «Брентфорд» командасынан ұтылды

«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Брентфордқа» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Брентфордта өткен матч 3-2 есебімен аяқталды. Данго Уаттара (5-минут), Кевин Шаде (45) және Игорь Тиаго (60, пенальти) жеңімпаздар сапынан гол соқты. Милош Керкез (45+5) «Ливерпуль» сапындағы дебюттік голын соқты. Мохамед Салах (89) та мергендік танытты.

«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасындағы (АПЛ) жеңіліс сериясын төрт ойынға дейін ұзартты және 15 ұпаймен алтыншы орында тұр. Чемпиондар Лигасын қоса алғанда, Арне Слоттың командасы соңғы алты ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жетті. «Брентфорд» (13) 10-шы орында.

Келесі матчында «Ливерпуль» 1 қарашада Бирмингемнің «Астон Вилласын» қабылдайды. Сол күні «Брентфорд» Лондонның «Кристал Пэлас» командасымен сырт алаңда ойнайды.