27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» Диогу Жота мен оның ағасына арнап ескерткіш орнатады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ливерпуль» Диогу Жота мен оның ағасына арнап ескерткіш орнатады

Ағылшынның әйгілі «Ливерпуль» футбол клубы қайтыс болған шабуылшы Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның құрметіне ескерткіш орнататынын мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа монумент «Энфилд» стадионы жанында бой көтермек. Ерекше ескерткіштің басты материалы — жанкүйерлер әкелген гүлдер, шарфтар, плакаттар мен хаттар болады. Бұл заттардың барлығы клуб өкілдері тарапынан жиналып, қайта өңделіп, мемориалға айналдырылмақ.

Сондай-ақ «Ливерпуль» клубы 2025/26 маусымында барлық ойын футболкаларына «Forever 20» (мәңгілік 20-нөмір) жазуы қойылатынын хабарлады — бұл Диогу Жотаның құрметіне жасалатын символдық қадам.