13.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ливерпуль бапкері Диогу Жотаның қайғылы қазасы туралы алғаш рет пікір білдірді

Ливерпуль бапкері Диогу Жотаның қайғылы қазасы туралы алғаш рет пікір білдірді

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот испан провинциясы Саморада жол апатынан қаза тапқан шабуылшы Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның қайғылы өлімі туралы алғаш рет пікір білдірді.

«Күлгіміз келсе — күлеміз, жылағымыз келсе — жылаймыз. Жаттығғылары келсе — жаттықсын, келмесе — жаттықпасын. Ең бастысы — өзің болу және сезімдеріңді жасырмау», — деді бапкер клуб телеарнасына берген сұхбатында.

«Ливерпуль» қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы жолдастық кездесуге дайындалуда — команда «Престон Норт Эндпен» кездеседі. Қаза тапқан футболшының құрметіне клуб 20-шы нөмірді барлық командаларда — ерлер, әйелдер және жастар құрамаларында айналымнан шығарды.

Алдағы матчта еске алу шаралары жоспарланған:

  • You’ll Never Walk Alone әнұранын орындау
  • Үнсіздік минуты
  • Ойыншылардың қара аза белгілері

Португалдық шабуылшы «қызылдар» сапында 182 матч өткізіп, 65 гол соқты — оның соңғы ойыны Ұлттар лигасының финалында Португалия құрамасы Испанияны жеңген матч болды.