31.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» «Арсеналды» жеңіп, АПЛ турнир кестесінде жалғыз көш бастады

«Ливерпуль» «Арсеналды» жеңіп, АПЛ турнир кестесінде жалғыз көш бастады

Арне Слоттың шәкірттері ағылшын Премьер-лигасының үшінші тур матчында «Арсеналды» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Ливерпуль» — маусымның алғашқы үш матчында жеңіске жетіп, максималды 9 ұпай жинаған жалғыз команда. Екінші орында «Челси» жеті ұпаймен тұр.

Бірден бірнеше команда алты ұпаймен үшінші орынды бөлісуде:

  • «Арсенал»
  • «Тоттенхэм»
  • «Эвертон»
  • «Сандерленд»
  • «Борнмут»

«Манчестер Юнайтед» төрт ұпаймен сегізінші орында тұрса, «Манчестер Сити» үш ұпаймен турнир кестесінің он екінші сатысында орналасқан.