Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» «Барселонаның» қызығушылығынан кейін көшбасшысымен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» «Барселонаның» қызығушылығынан кейін көшбасшысымен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» 28 жастағы шабуылшы Луис Диасқа 2029 жылға дейін келісімшартты ұзарту бойынша ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es мәліметінше, бұл қадам клубқа «Барселона» тарапынан ойыншыға деген қызығушылық артқаннан кейін жасалған.

Жаңа келісімшарт колумбиялық вингердің жалақысының өсуін де қарастырады. Қазіргі уақытта Диас бұл ұсынысты қарастырып жатыр.

Бұған дейін БАҚ өкілдері «Ливерпуль» шабуылшысы жазғы трансфер кезеңінде «Барселонаның» басты мақсаты екенін хабарлаған болатын.

Осы маусымда Диас барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 85 миллион еуроға бағалап отыр.