10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ливерпуль» Англия кубогынан шығып қалды

2024/2025 жылғы Англия Кубогының 1/16 финалында «Плимут Аргайл» мен «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Плимуттағы Хоум Паркте ойнады. Алаң қожайындары азулы қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды 53-минутта «Плимуттың» шабуылшысы Райан Харди пенальтиден соқты.

Қоса кетейік, «Плимут» Англияның екінші дизивионы Чемпионшипте соңғы орында орналасқан. Ал, «Ливерпуль» АПЛ-да көш бастап тұр.