26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Liverpool «Энфилдте» Диого Жотаға ескерткіш орнатады

Liverpool «Энфилдте» Диого Жотаға ескерткіш орнатады

Liverpool ресми сайтының хабарлауынша, клуб «Энфилдте» Диого Жота мен оның ағасы Андре Силваның құрметіне ескерткіш мүсін орнатады — футболшылар Испанияның Самора провинциясында жол апатынан қаза тапты.

Ескерткіш жанкүйерлердің ойыншының қазасы туралы хабардан кейін стадион маңына қалдырған естелік заттарынан жасалады. Сонымен қатар клуб португалдық шабуылшы ойнаған 20-шы нөмірді мәңгілікке айналымнан шығарды.

Келесі маусымда ойыншылардың жейделерінде «Forever 20» эмблемасы пайда болады. Азиядағы маусым алдындағы ойындарда команда «Diogo J 20» жапсырмасымен ойнайды, ал Жотаның атындағы футболкалар сатылымынан түскен пайда клубтың қайырымдылық қорына жіберіледі.

  • 15 тамызда «Борнмутпен» матчта үнсіздік минуты өтеді
  • Жанкүйерлер 4 тамызда «Атлетик Бильбаомен» ойында футболшыны еске алады
  • LFC қоры Жота атындағы балалар футбол бағдарламасын құрады

Англия футбол қауымдастығы 10 тамызда «Уэмблиде» өтетін Суперкубок матчында еске алу шарасын өткізу мүмкіндігін клубпен талқылайды.