05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Литва клубының жанкүйерлері қазақстандық бапкерге қарсы наразылық акциясын өткізді

Литва клубының жанкүйерлері қазақстандық бапкерге қарсы наразылық акциясын өткізді

Klaipeda.diena.lt хабарлағандай, Вильнюстің «Жальгирис» жанкүйерлері Литва жоғары лигасының матчында бас бапкер Владимир Чебуринге қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды.

Жанкүйерлер трибунаға ескі чемодандар әкелді — «Кауно Жальгириске» қарсы ойын басталғанда оларды алаңға лақтырып, «Чебурин аут» деп айқайлады. Матчты уақытша тоқтатуға тура келді, ал Вильнюс командасының футболшылары чемодандарды алаңнан өздері жинауға мәжбүр болды.

Жанкүйерлердің наразылығы команданың сәтсіз нәтижелеріне байланысты — «Жальгирис» еурокубоктардан шығып қалды және Литва чемпионатында клуб үшін күтпеген төмен позиция — жетінші орында тұр.