17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Лионель Месси соққан голдың көмегімен «Интер Майами» камбэк жасады

MLS турнирінің төртінші турында «Атланта Юнайтед» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Атлантадағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Атланта сапында Эммануэль Латте Лат гол соқты (11-минут).

«Интер Майами» қатарынан аргентиналық шабуылшы Лионель Месси (20-шы) мен Фафа Пико (89-шы) мергендік танытты.

«Интер Майами» жеңісті сериясын үш матчқа дейін ұзартты.

Келесі турда «Атланта» Цинциннатимен, ал «Интер Майами» Филадельфия Юнионмен кездеседі. Екі кездесу де 22 наурызда өтеді.