13.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лионель Месси MLS тарихында ерекше рекорд орнатты

Лионель Месси MLS тарихында ерекше рекорд орнатты

38 жастағы «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS тарихында өз есімін қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нэшвиллге қарсы матчта (2:1) аргентиналық екі рет гол соғып, MLS тарихындағы бес матч қатарынан екі немесе одан да көп гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Бұған дейін ешкім мұндай рекордқа қол жеткізбеген еді.

Осылайша, ол 2025 жылдың 25 мамырынан бері Солтүстік Америка жарыстарының бес ойынында 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.