Оқу уақыты: 1 мин

Лионель Месси: «Маған ең көп көмектескен — Роналдиньо»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Месси сборная

«Алтын доптың» сегіз дүркін иегері, қазіргі таңда АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап жүрген Лионель Месси өзінің мансабына ең көп ықпал еткен футболшыларды атады. Бұл туралы ол Give Me Sport басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Маған мансабымның алғашқы кезеңінде ең көп көмектескен — Роналдиньо. Оның мені қалай қабылдағаны, қалай қолдағаны — бәрі мен үшін өте маңызды болды. Сонымен қатар Иньеста мен Хавиді де ерекше атап өтемін. Қазір «Интер Майамиде» бірге ойнап жүрген үш досым — Бускетс, Альба және Луис Суарес те мен үшін өте жақын әрі маңызды футболшылар», — деді аргентиналық жұлдыз.

Айта кетейік, Лионель Месси әлем футболы тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі болып есептеледі және өзінің мансап жолында клубтық және ұлттық деңгейде ондаған трофей жеңіп алған.