08.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Лион» мен «Ботафого» иесі ПСЖ туралы менсінбей сөйледі

«Лион» мен «Ботафого» иесі ПСЖ туралы менсінбей сөйледі

Get French Football News мәлімдеуінше, «Лион» мен «Ботафого» футбол клубтарының иесі Джон Текстор әлемдік клубтық чемпионат қарсаңында «Пари Сен-Жермен» туралы өткір мәлімдеме жасады.

Бразилия чемпионаты мен Либертадорес Кубогын жеңіп, турнирге қатысу құқығын алған бразилиялық «Ботафого» топтық кезеңде париждік клубпен кездеседі.

«Біз Париждің шағын командасымен және үлкен тарихы бар клуб — мадридтік Атлетикомен ойнауымыз керек. Мен асыға күтудемін», — деді Текстор DAZN-ге берген бейнемәлімдемесінде.

«Лион» иесінің ПСЖ-ні сынға алуы бірінші рет емес — бұған дейін ол париж клубының қаржылық саясаты мен трансферлік әрекеттеріне қатысты наразылығын білдірген болатын.