10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лион апелляциядан жеңіп, Лига 1-де қалды

Лион апелляциядан жеңіп, Лига 1-де қалды

Француз футбол клубы Олимпик Лион төменгі дивизионға түсу туралы шешімнің күшін жойды — команда келесі маусымда Лига 1-де өнер көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды L’Equipe.

Францияның жеті дүркін чемпионы қаржылық қиындықтарға байланысты Лига 2-ге түсу қаупі төнді, алайда апелляциялық комитет клубты қолдады.

«Олимпик Лион клубтың Лига 1-де қалу туралы шешімін құптайды. Біз клубтың жаңа басшылығының амбицияларын мойындағаны үшін апелляциялық комитетке алғыс білдіреміз. Бұл сенімді қалпына келтірудің алғашқы қадамы», — делінген клуб мәлімдемесінде.

Бұл шешім ағылшын Кристал Пэлас үшін белгісіздік тудырды — екі клуб та Еуропа Лигасына қатысуға үміткер. УЕФА ережелері бойынша, бір иесі бар командалар бір турнирге қатыса алмайды. Американдық бизнесмен Джон Текстор Eagle Football Holdings арқылы екі клубта да үлесі бар.

Жағдайды шешу үшін Текстор Лионның директорлар кеңесінен кетіп, Кристал Пэластағы 43% акциясын New York Jets иесі Вуди Джонсонға сатуға келісті. УЕФА апта соңына дейін түпкілікті шешім шығаруы тиіс.