24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын алдында пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Лихтенштейн ұлттық құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында командасының алдағы матчқа дайындығы туралы айтты.

«Демалуға көп уақыт болмады, бірақ оны тиімді пайдаландық. Солтүстік Македонияға қарсы матчты талдап, кейбір сәттерді қарастырдық, қай жерде жақсы ойнағанымызды, қай жерде қателескенімізді бағаладық. Одан кейін «Қазақстанға» көңіл бөліп, олардың күшті тұстарын зерттеп, ойын сапасын талдадық. Тактикалық және кәсіби тұрғыдан дайындықпен қатар, ойыншыларға физикалық қалпына келуге уақыт беруге тырыстық. Сондықтан олар жақсы дайындалып, демалып үлгерді деп ойлаймын, ертең лайықты ойын көрсетеді», — деді Фюнфштюк.

Айта кетейік, «Лихтенштейн» мен «Қазақстан» құрамалары арасындағы матч 25-інен 26-на қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!