08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лига 1-дің үздік ассистенті Перрен «Краснодарға» ауысуға келісті

Лига 1-дің үздік ассистенті Перрен «Краснодарға» ауысуға келісті

Фабрицио Романо журналисінің мәліметі бойынша, «Осердің» француз қанатшабуылшысы Гаэтан Перрен «Краснодарға» 4,5 миллион еуроға ауысады.

29 жастағы футболшы өткен маусымда Лига 1-де өзін жақсы көрсетті — 34 ойында 10 гол соғып, 11 нәтижелі пас беріп, чемпионаттың үздік ассистенті атанды.