Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Лиам Делап жазда 30 миллион фунтқа клуб ауыстыруы мүмкін — Ипсвич Чемпионшипке түспек

BBC Sport дерегінше, «Ипсвич» шабуылшысы Лиам Делап жазда 30 миллион фунтқа сатылуы мүмкін. Команданың Премьер-лигадан шығуына байланысты трансфер бағасы 10 миллионға төмендейді.

22 жастағы футболшы биылғы маусымда өзін жарқын қырынан көрсетті — 33 матчта 12 гол соғып, «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Вест Хэм», «Астон Вилла» және «Ньюкасл» сынды бірнеше клубтың назарына ілікті.

  • «Манчестер Сити» ойыншыны кері сатып алу құқығын сақтап қалған

  • Алғашқы клуб ретінде қайта сатудан 20% үлеске ие

BBC сарапшысы Крис Саттон:

«Делап Ипсвич үшін тым жақсы деңгейде ойнауда. Оны ірі клубқа ауысады деп ешкім жазғыра қоймас».

Ипсвич Премьер-лигада құтқарылу аймағынан 12 ұпайға артта қалған. Бас бапкер Киран Маккенна клубтың төменгі дивизионға оралатынын жанама түрде растады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!