14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ли Лигада тағы да дау туды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ли Лигада тағы да дау туды

RM TV деректеріне сәйкес, мадридтік клуб биылғы маусымның алғашқы төрт турында және өткен маусымда кеткен төрешілердің қателіктерін жинап, FIFA-ға жіберуді жоспарлап отыр.

Аталған шешімге Хесус Хиль Мансаноның Хейсенді алаңнан қуып, бас бапкер Хаби Алонсоға сары қағаз көрсетуі түрткі болған.

Real TV төрешілердің кәсіби деңгейін сынға алып, олардың «Реалдың» ойындарына қатысуына шектеу қою қажеттігін мәлімдеді.