Оқу уақыты: 1 мин

Леви Гарсия: «Мұндай қолдауда жеңілу — ұят»

Леви Гарсия: «Мұндай қолдауда жеңілу — ұят»

Мәскеудің «Спартак» клубының шабуылшысы Леви Гарсия Ресей Кубогының жартылай финалында «Ростовтан» 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін матч нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Чемпионат» хабарлайды.

«Бұл — апат. Трибуналардың мұндай қолдауы кезінде жеңілу тіпті ұятты», — деді қызыл-ақтардың форварды.

Оның айтуынша, команданың соңғы нәтижелері көңіл көншітпейді:

«Ойындар біз қалағандай өтпейді және нәтиже де біз күткендей емес. Бұл – футбол. Дегенмен мұндай жағдайлар болады деп айту да қиын. Нәтиже анық: біз жеңілудеміз, ал қарсылас команда жеңіп жатыр»,деп атап өтті Гарсия.

Футболшы қалған ойындарда жеңіске жету маусымдағы жағдайды өзгертпейтінін мойындады. «Спартак» осы маусымда таласқан екі трофейден де айырылып қалды.