09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Левандовски Польша құрамасындағы мансабын тоқтата тұратынын жариялады

Левандовски Польша құрамасындағы мансабын тоқтата тұратынын жариялады

Роберт Левандовски Польша құрамасы үшін өнер көрсетуді уақытша тоқтататынын — әлеуметтік желілер арқылы мәлімдеді.

Қалыптасқан жағдайды және Польша құрамасының бас бапкеріне деген сенімнің жоғалуын ескере отырып, басшылық ауысқанға дейін ұлттық құрама үшін ойнауды тоқтату туралы шешім қабылдадым. Болашақта әлемдегі ең жақсы жанкүйерлер үшін ойнауға мүмкіндік туады деп үміттенемін

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде команданы басқарған Михал Пробеж құраманы Евро-2024 топтық кезеңінен шығара алмады — поляктар турнирден бірінші болып шығып қалды.

2008 жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы құрама капитаны соққан голдар саны бойынша рекордшы — оның еншісінде 85 гол бар.

Дереккөз: Роберт Левандовскидің инстаграмы