17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Левандовски «Барселонада» Мессидің жетістігін қайталады

Opta мәліметінше, Роберт Левандовски «Барселона» құрамында ерекше нәтижеге қол жеткізді. Ол «Атлетикоға» қарсы өткен ойында (4:2) маусымдағы 35-ші голын соқты.

Соңғы төрт маусымда «Барселона» сапында 35 голдан асқан жалғыз ойыншы Лионель Месси болған еді. Ол 2020/21 маусымында 47 ойында 38 гол соққан.

Бұл маусым Левандовски үшін «Барселона» жейдесіндегі ең нәтижелі кезең болды. Ол барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 35 гол соқты.