26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лестердің бұрынғы шабуылшысы Варди мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Лестердің бұрынғы шабуылшысы Варди мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Джанлука Ди Марцио журналисінің мәліметінше, «Кремонезе» — Джейми Вардиге қызығушылық танытып отырған бірнеше италиялық клубтың бірі.

38 жастағы шабуылшы «Лестерден» еркін агент ретінде кеткеннен кейін — Серия А-да мансабын жалғастыру мүмкіндігін қарастыруда.

Өткен маусымда ағылшын Премьер-лигасында Варди жақсы нәтиже көрсетті — 35 ойында 9 гол соғып, 4 голдық пас берді.