03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лерон Мёрфи: «Волкановски ойынындағы әлсіз тұстарды пайдаланамын»

Лерон Мёрфи: «Волкановски ойынындағы әлсіз тұстарды пайдаланамын»

Британдық спортшы Лерон Мёрфи австралиялық Александр Волкановскимен өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен техничный спортшымын. Көп жекпе-жектерді қарап, талдаймын. Сол арқылы Волкановски ойынындағы кемшіліктерді көрдім. Егер жолымыз түйіссе, соны өз пайдамa жаратамын», – деді Мёрфи YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Волкановскидің кәсіби карьерасында 4 жеңіліс бар. Ал Мёрфи әзірге жеңілмеген: 17 жеңіс және 1 тең нәтиже.