30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

L’Équipe Мессидің ПСЖ-ға қарсы ойынын қатаң сынға алды

L’Équipe Мессидің ПСЖ-ға қарсы ойынын қатаң сынға алды

Француздық L’Équipe басылымы әлемдік клубтық чемпионаттың 1/8 финалында «Интер Майами» «ПСЖ-дан» 0:4 есебімен ойсырай жеңілген матчтан кейін ойыншылардың бағаларын жариялады.

Лионель Месси, Луис Суарес және Серхио Бускетс төмен баға алды — 10 ұпайдың тек 3-еуі. Жорди Альбаның ойыны одан да төмен бағаланды — 2 ұпай, ал команда бапкері Хавьер Маскерано 4 ұпай жинады.

«Интер Майами» құрамында үздік деп танылғандар:

  • Теласко Сеговия
  • Федерико Редондо
  • Тадео Альенде
  • Оскар Устари

«ПСЖ» құрамында ең жоғары баға — 8 ұпайдан Витинья мен Жоау Невеш алды. Хвича Кварацхелия 6 ұпай алса, париждіктердің бас бапкері Луис Энрике 7 ұпайға ие болды.