04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Легия» бапкері: «Ақтөбенің» басты артықшылығы – ойын ырғағы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Легия» бапкері: «Ақтөбенің» басты артықшылығы – ойын ырғағы

Польшалық «Легия» клубының бас бапкері Эдвард Йордэнеску Еуропа конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ақтөбеге» қарсы өтетін ойын алдындағы ойымен бөлісті.

— Біз оларды бақыладық, талдадық және белгілі бір қорытынды жасадық. Дегенмен, бұл тұжырымдарды қазір көпшілік алдында айтуға әлі ерте деп ойлаймын. «Ақтөбе» – маусым ортасында жүрген команда, яғни толыққанды ойын ырғағында. Бұл – олардың бізге қарағанда басты артықшылығы, себебі біз әлі де дайындық кезеңіндеміз. Бұл олардың қарқыны жоғары болатынын білдіреді. Екі матч та оңай болмайды деп ойлаймын. Қысқа жол жоқ – біз моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Бұл – бізге де, ойыншыларға да, бүкіл командаға да түсінікті болуы қажет.

Еске салайық, УЕФА Конференция лигасының 2025/26 маусымындағы алғашқы іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» мен «Легия» кездеседі. Алғашқы матч 10 шілдеде Польшада, қарымта кездесу 17 шілдеде Ақтөбеде өтеді.