07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Леброн Джеймс НБА-да ойнап жүріп, Даңқ залына енді

Леброн Джеймс НБА-да ойнап жүріп, Даңқ залына енді

Hoophall мәліметі бойынша, НБА-ның аңызға айналған шабуылшысы Леброн Джеймс ресми түрде баскетбол Даңқ залына енгізілді.

Салтанатты рәсімде 40 жастағы баскетболшы беделді ұйымның мүшелік белгісі — дәстүрлі қызғылт сары пиджакты алды. Джеймс пен Крис Пол осындай құрметке ие болған алғашқы белсенді ойыншылар ретінде тарихқа енді.

Даңқ залына 2008 жылғы АҚШ олимпиадалық алтын медаль иегері құрамасымен бірге енгізілді. Сол команданың жұлдызды құрамында болғандар:

  • Карлос Бузер
  • Джейсон Кидд
  • Дерон Уильямс
  • Майкл Редд
  • Дуэйн Уэйд
  • Кобе Брайант
  • Дуайт Ховард
  • Крис Бош
  • Тэйшоун Принс
  • Кармело Энтони