Оқу уақыты: 1 мин

Лайл Тейлор «Колчестермен» жаңа келісімшартқа үмітті

Лайл Тейлор «Колчестермен» жаңа келісімшартқа үмітті

BBC Essex Sport мәліметінше, ағымдағы маусымда 13 голмен «Колчестер Юнайтедтің» үздік сұрмергені атанған шабуылшы Лайл Тейлор клубпен жаңа келісімшартқа қол қоюға ниетті.

Өткен жазда команда қатарына қосылған 35 жастағы ойыншы сәуір айының басында «Ньюпорт Каунтиге» қарсы матчта (2:0) балтыр бұлшық етінен жарақат алған болатын.

«Мен бұл жазда ешқайда кетпеуге шешім қабылдадым. Барлығымен бірге алаңға қайта оралмас бұрын тоғыз апталық оңалту курсынан өтуім керек. Мұны мен „Колчестердің“ жаттығу формасында жасағым келеді», – деді Тейлор.

«Колчестер» 2-ші Лигада 10-шы орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Қазір клуб келесі маусымға кадрлық құрамды қайта қарап жатыр. Осы кезеңде клуб иесі Робби Каулингтің өз үлесін америкалық консорциумға сату туралы ақпараттар да пайда бола бастады.