25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямалдың кезекті жүлдесі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ламин Ямаль

Ламин Ямаль 2024/25 маусымының ең үздік ойыншысы атанды. Бұл марапатты оған Испанияның беделді Marca басылымы тағайындады.

Халықаралық қазылар алқасы 133 мүшеден құралған. Сарапшылардың пікірі бойынша, маусымда тұрақты әрі шешуші өнер көрсеткен футболшы ретінде Ямал лайық деп танылды.

Жас жұлдыз үшін бұл — мансабындағы тағы бір ірі жетістік.