27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямал тағы да рекорд орнатты

IMG 9252

Ламин Ямал тағы да рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Барселона» жұлдызы ХХІ ғасырда бір маусымда 10+ ассист жасаған ТОП-5 лигадағы ең жас ойыншы атанды (17 жас, 6 ай).

Ол «Валенсияға» (7-1) қарсы матчта Френки де Йонгтың гол соғуына мүмкіндік жасап берді. Бұл оның осы маусымдағы 10-шы ассисті болды.

Одан бөлек еншісінде 5 голы бар.