11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ламин Ямаль Ла Лигада ең көп дриблинг жасаған ойыншы атанды

Squawka Football дерегі бойынша «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль ағымдағы Ла Лига маусымында 77 сәтті дриблинг жасап, чемпионатта бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр.

Үздік бестік:

  1. Ламин Ямаль (77)
  2. Доди Лукебакио (68)
  3. Килиан Мбаппе (50)
  4. Винисиус Жуниор (47)
  5. Нико Уильямс (43)

Каталондықтардың тағы бір ойыншысы Рафинья Диас 69 голдық мүмкіндік жасап, бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды.

Айып алаңындағы ең көп доп тигізулер саны Килиан Мбаппеге тиесілі (223). Одан кейін Рафинья (139), Ямаль (132) және Винисиус (129) келеді.

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри екі маңызды санатта топ бастап тұр:

  • Алаңның соңғы үштен біріне берілген пастар – 434
  • Доп қайтару саны – 133

Оның артынан Федерико Вальверде (375), Родриго Гоэс (361), Рафинья (333) және Мбаппе (330) орналасқан.