25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямаль Бернабеудегі Реалды жеңген ойынды еске алды

Ламин Ямаль Бернабеудегі Реалды жеңген ойынды еске алды

Reddit мәліметі бойынша, Ламин Ямаль «Порсиньос» командасының иесі — стример Ибаи Льяноспен мадридтік «Реалға» қарсы алдағы матч туралы әңгімелесті.

«Реалға» немесе «Порсиньосқа» гол соғу қайсысы ұнамды деген сұраққа «Барселона» шабуылшысы:

«Мен Реалға бірнеше рет гол соқтым. Бірақ сендерге де соқтым»

«Бернабеуде» ойын күрделілігі туралы әңгіме қозғалғанда, Ямаль өткен кездесуді еске алды — «Өткен жолы матч 4:0 есебімен аяқталды». Алайда футболшы алдағы кездесу туралы болжам жасаудан бас тартып, тек осындай нәтиже мүмкін екенін атап өтті.