28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямаль «Барселонамен» келісімшартын ұзартты

Ламин Ямаль «Барселонамен» келісімшартын ұзартты

«Барселона» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль командамен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін есептелген жаңа келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, 2023 сәуір айында 15 жастағы Ямаль «Барселона» сапында алғаш рет алаңға шыққан еді. Осы аралықта испаниялық вундеркинд негізгі команда құрамында 106 матч өткізіп, 25 гол соғып, 34 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ламин Ямаль каталондық клубпен бірге екі рет Испания чемпионы атанып, Ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, ұлттық құрама жейдесінде 2024 жылы Еуропа чемпионы атанды.