Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямаль «Барселонада» Мессидің нөмірін алатын болды

Ламин Ямаль «Барселонада» Мессидің нөмірін алатын болды

Испанияның «Барселона» командасының жас жұлдызы Ламин Ямаль алдағы маусымда 10 нөмірлі жейдемен ойнайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Команда басшылығы аталған шешімді клубтың стратегиялық және маркетингтік шешімі ретінде бағалап отыр. Сол арқылы команданың атрибутикасы күрт артады деген сенім білдіріп отыр.

Ламин Ямаль 2007 жылы 13 шілдеде Испанияның Барселона қаласы маңындағы Мутаро елді мекенінде дүниеге келген.

Ол Испанияның «Барселона» командасы сапында 2023 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.

Әкесі Мунир Насрауи марокколық болса, анасы Шейла Эбаны Экваторлық Гвинея елінің азаматы болған.

Испаниялық футболшы құрлықтық дода тарихында чемпион атанған ең жас ойыншы атанды.

Сондай-ақ ол Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атағына лайық деп танылды.