18.11.2024
Оқу уақыты: 5 мин

Ламборгини жарысының әлемдік финалындағы Қазақстанның жеңісі

IMG 8048

Херес-де-ла-Фронтера, Испания, 17 қараша 2024 жыл.Демалыс күндері ARTLine Kazakhstan командасы үшін Испанияның Circuito de Jerez de la Frontera, Andalusiaжолында керемет соңғы жарыс кезеңдері өтті. Үш кезең қатарынан Қазақстанның спортшылары Еуропа жолдарындаең жылдам жүретін жарысшылары болып атанды.

Соңғы кезеңде Шота Абхазава (нөмірі №75) Lamborghini Cup классында алдыңғы 5 кезеңнің қорытындысы бойынша 10 жарыста 5 рет жеңіске жетіп бірінші орынды иеленді. Егор Оруджев (нөмірі №57) PRO классында серияныңаралық протоколында 3-ші орында болды, ол осы маусымда 2 рет жеңіске жетті.

Бейсенбіде біздің команданың спортшылары Шота Абхазава мен Егор Оруджев кезеңді іріктеу жарысында жеңіп алған екі поул-позишннан бастады. Бұл олар екі жарысты старт торында бірінші орыннан бастады деген сөз.

Егор Оруджев
Егор Оруджев

Өз бетінше өтетін соңғы кезеңдегі жарыстар екіге бөлінді. Осы жолы әдеттегі кезеңдерде сияқты төрт класс бірге жарыспады, тек екі класс бірге жолға шықты. Оның спортшыларға пайдасы зор, өйткені олар негізінен тек тікелей қарсыластарымен күш сынасты.

Бірінші жарыста LC және AM класстары жолға шықты. Онда біздің Бельгия легионері Найджел Байли да қатысты. Шота Абхазаваға таңертең алған поулпозишнді жеңіске жеткізуге ештеңе кедергі болмады. Ол ең жақын келе жатқан қарсыласынан 10 секундтан астам үзіліспен алда болды. Айналмалы жарыстарда қарсыластар арасындағы алшақтық секундтың мыңнан бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл кәдімгідей көп уақыт. Осы маусымда ол қатарынаналтыншы жеңіс болды!

IMG 8044
Найджел Байли

Жарыс ауыр ауа райы жағдайында өтті – жаңбыр мен нашар көрінім көптеген жол апаттарына әкелді, жарыстың ең көп бөлігі қауіпсіз автокөлік тәртібінде өтуге мәжбүр болды.Жолда Егор Оруджев тіпті рестарт тәртібінде де қарсыластарын өзіне жақындатпады. Мәреге тура бес минут қалғанда жарыс тоқтатылып, Егор Оруджевтің жеңісі құрметіне Испанияның жолында тағы да Қазақстанныңәнұраны шырқалды!

Жұма күні жарыс реті өзгертіліп, PRO және PRO-AM класстарының екінші жарысы өткізілді. Поул-позишннан бастаған Егор Оруджев қарсыластарына тағы да жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Егор жарыстың барлық 50 минутбарысында қарсыластарынан жақсы уақытпен алға шықты және ең бірінші болып мәреге жетті. Бұл оның маусымдағы төртінші жеңісі!

 

IMG 8045
Шота Абхазава LC және AM класстарының Еуропа сериясының финалдық жарысын басынан аяғына дейін сенімді өткізді. 27 айналымды өтіп, классындағы қарсыластарын әр айналым сайын артта қалдырып, Шота аңсаған чемпион атағына жақындады. Нәтижесінде ол жалпы есепте үздік үштікке еніп, класстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша ол Еуропа сериясының тарихында LC классының чемпионы болды! Шота берген сұхбатында бұл ауа-райының өзгеруі, Ле-Ман жарысыныңболмай қалуы және басқа да қызықты сәттерге толы керемет маусым болғанын атап айтты. Серияға қатысу үлкен қуаныш екенін еске салып, барлық командаға бірінші кезеңнен бастап соңғы кезеңге дейін тамаша жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Шынында да, ARTLine Kazakhstan спортшыларына жарыстарда үздіктер қатарында болуға және 2024 жылдыңмаусымын үлкен жетістіктермен аяқтауға барынша жағдай жасаған тамаша техниканы дайындаған және пит-стоптарды еш қатесіз орындаған команданың мінсіз жұмысын атапайтпаса болмайды.

Соңғы кезеңдегі екі жеңіс, Circuito de Jerez de la Fronteraжолында Қазақстанның әнұраны төрт рет шырқалды. Ал жексенбіде 17 қарашада Lamborghini Super Trofeo World Final әлемдік финалының екінші жарысында Қазақстанның әнұраны бесінші рет шырқалды. Егор Оруджев 2024 жылдың маусымындағы соңғы жеңісті әкелді.

PRO және PRO-AM класстары финалының бірінші жарысында Егор төртінші орынды иеленді. Бірақ екінші жарыста Еуропа сериясының көшбасшысы Амри Бондюэльдің артынан жүріп Егор қарсыласына қысым көрсету тактикасын таңдады. Оған қоса, ArtLine Kazakhstanмеханиктері керемет шеберлік көрсеткен бірқатар пит-стоптардан кейін Оруджев Бондюэльді озып жарыста да, әлемдік финалда да лайықты жеңіске жетті! Егор Оруджев (ArtLine Kazakhstan) Lamborghini Super Trofeo World Finalжеңімпазы!

Әлемдік финал Солтүстік Америка, Еуропа және Азия қатысатын Lamborghini Super Trofeo үш сериясының финалы. 2024 жылғы финал үш континенттен 67 қатысушының басын қосты.

Команда туралы

ARTLine жарыс командасы 1998 жылы құрылды. ARTLine Engineering – бұл командамен бір уақытта құрылған спорт жабдықтарды, соның ішінде ArtTech брендімен шығатын халықаралық «Формула 3» жарыс автомобильдерін жобалайтын және әзірлейтін конструктор бюросы. Ширек ғасыр бойы жұмыс барысында бюрода 20-дан астам жарысавтокөліктерінің жобасы әзірленді, 30-дан астам жарысавтокөліктері жасалды, оның 17-сі халықаралық класстағы көліктер. Ал команда 9 әлемдік жарыс сериясына қатысты.

Команданың негізін қалаушысы Шота Мерабович Абхазава Қазақстан кәсіпкері, біздің елімізде де, шетелде де мұнай-газ нарығына көлік және сервис қызметтерін көрсететін TEXOL компаниясының басшысы. Компания Қазақстандағы газ цистерналары мен басқа да теміржол вагондарының ең ірі паркінің иесі.

IMG 8046
Шота Абхазава

2015 жылы Шота Абхазава Lamborghini Super Trofeo Europe ең беделді шанақ моно-сериясының AM классыныңчемпионы атанды, ал 2019 жылы ол PRO-AM классында жеңіске жетті. 2023 жылдың қараша айында ол ИталияныңВаллелунга жолында өткен Lamborghini Super Trofeo 2023 әлемдік финалында жеңімпаз болды.

Сонымен қатар, командада тағы екі жарысушы бар: Егор Оруджев пен Найджел Байли.

Егор Оруджев – жас жалын жүректі спортшы, ол Eurocup Formula Renault 2.0, World Series by Renault 3.5, Formula V8 3.5 (ол жерде 2016 жылы қола жүлдегері атанды), LMP2 классында European LeMans Series және FIA World Endurance Championship сияқты Еуропада өтетін жарыстарға қатысып танымал болып үлгерді. Сондай-ақ, ол PRO Cup кәсіби жарысшылардың классына қатысады.

Кәсіпқой емес AM Cup жарысында команданың атынан Бельгияның мүмкіндігі шектеулі спортшысы Найджел Байли (Nigel Bailly) күш сынасады. 2022 жылы Найджел әлемдегі ең маңызды GT3 жарысына қатысты: Спа-Франкоршам (Бельгия) жолында өткен төзімділікке бағытталған 24 сағаттық жарыстан өтті. 2023 жылдан бастап ол толық қолмен басқарылатын көлікте Lamborghini Super Trofeo чемпионатына қатысып жүр.

Жарыстар туралы

Lamborghini Super Trofeo – Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық чемпионат, 3 континент сериясынан тұрады: Еуропа, Азия және Солтүстік Америка. Серияда 6 кезең бар. Әр кезеңде 50 минуттық екі жарысөткізіледі. Әлемдегі ең беделді жолдарында өтіп, чемпиондар анықталып, əлемдік финалмен аяқталады.

Lamborghini Super Trofeo жарысшылары бірдей Lamborghini Huracán Super Trofeo Evo автокөліктерінде жарысады жәнеқатегорияларға бөлінеді: PRO Cup кәсіби жарысшылар, PRO-AM кәсіби және әуесқой спортшыдан тұрады, AM Cup — кәсіпқой емес жарысшылар және Lamborghini Cup жеке жарыс 50+.

IMG 8047

2023 жылғы маусымның финалы кезінде Валлелунга (Италия) жолында қатысушылардың рекордтық саны жиналды 30 елден 82 спортшы.

2024 жылы әлемдегі жалғыз брендтің ең жылдам трофейі болып саналатын Lamborghini Super Trofeo өзінің 16 жылдығын атап өтті