05.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Лацио» — «Милан» матчының тағдырын бір ғана гол шешті

«Лацио» — «Милан» матчының тағдырын бір ғана гол шешті

«Лацио» Италия Кубогының 1/8 финалында өз алаңында «Миланды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Римдегі «Стадио Олимпико» стадионында өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңді. «Лационың» жартылай қорғаушысы Маттиа Закканьи 80-минутта жалғыз голды соқты.

Осылайша, «Лацио» Италия Кубогының ширек финалына жолдама алды. Римдіктер енді «Болоньямен» кездеседі. «Болонья» 1/8 финалда «Парманы» 2:1 есебімен ұтты.