Оқу уақыты: 1 мин

Ла Лигада чемпион анықталатын тур өтіп жатыр

Ла Лигада чемпион анықталатын тур өтіп жатыр

Испания чемпионатының 36-шы турында шешуші нәтижелер тіркелуде — бұл турда чемпиондық атақтың тағдыры белгілі болуы мүмкін.

  • Сейсенбіде «Реал Сосьедад» өз алаңында «Сельтадан» 0:1 есебімен жеңілді, ал «Севилья» «Лас-Пальмасты» 1:0 есебімен ұтты.

  • Сәрсенбіде «Реал Мадрид» «Мальоркамен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

  • Бейсенбіде «Атлетико Мадрид» сырт алаңда «Осасунаға» 0:2 есебімен жол берді.

Енді «Барселона» осы күні «Эспаньолды» жеңсе, тур аяқталмай жатып мерзімінен бұрын чемпион атанады.