07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ла Лига клубтары «Реал» Мадридті төрешілікті сынағаны үшін жазалауды талап етуде

Relevo мәліметі бойынша, испан футбол клубтары «Реал Мадридке» қатысты қатаң талап қойды.

Испания Корольдік футбол федерациясының өткен отырысында (оған мадридтік клуб өкілдері қатыспады) қатысушылардың көпшілігі «ақ түстілерге» төрешілікті сынағаны үшін санкциялар қолдануды талап етті. Қатысушылар мадридтіктердің мәлімдемелерін төрешілерге қысым жасау деп есептеді. Бұл бастамаға қарсы бірде-бір қатысушы сөз сөйлемеді.

Еске сала кетейік Реал Мадрид Эспаньолмен (0:1) матчтан кейін ресми шағым жариялады. Онда елдің төрешілік жүйесін толық реформалауға шақырып төрешілерді клубқа жүйелі түрде зиян келтіруде деп айыптады.

Отырысқа қатысқандар:
Ла Лига басшысы Хавьер Тебас
Төрешілердің техникалық комитетінің жетекшісі Луис Медина Канталехо
жоғары және екінші дивизион клубтарының өкілдері

Кейбір қатысушылар (соның ішінде Тебас) сол матчтағы төрешілер әңгімесінің жазбасын жариялау идеясын қолдады. Бұл туралы бұрын мадрид клубы сұраған болатын. Сондай-ақ, төрешілер комитетінің шағымға жауап бермегеніне наразылық білдірілді.