Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қызылжар» пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстан кубогының 1/4 финалы аясында Петропавлда өткен «Қызылжар» мен «Елімай» арасындағы матч голсыз тең аяқталды. Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмады.

Жеңімпазды анықтау пенальти сериясына қалдырылды. Онда «Қызылжар» футболшылары өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жартылай финалға жолдама алды.

Келесі кезеңде петропавлдық команда Шымкенттің «Ордабасысымен» кездеседі.