23.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Кюрасао – Канада: КОНКАКАФ Алтын кубогына (22.06.2025) болжам

Кюрасао – Канада: КОНКАКАФ Алтын кубогына (22.06.2025) болжам

22 маусым, жексенбі күні Астана уақытымен 04:00-де Хьюстон қаласындағы «Шелл Энерджи» стадионында КОНКАКАФ Алтын кубогының В тобындағы екінші тур аясында Кюрасао мен Канада құрамалары кездеседі. Бірінші турда «аралдықтар» Сальвадормен 0:0 есебімен тең ойнаса, «қызылдар» Гондурасты тас-талқан етіп, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Топтағы басты аутсайдер мен фаворит кездескелі отыр. Сондықтан Кюрасао – Канада жұбында букмекерлер болжамы толықтай «кэнакс» пайдасына. Карибтер жеңісіне — 10.50, тең ойынға — 5.75, ал Канаданың жеңісіне — 1.28 коэффициент берілген. 2.5-тен жоғары тотал — 1.64, яғни, голға бай ойын күтілуде. Алайда сарапшылар голдарды тек фаворит соғады деп болжайды, сондықтан «екеуі де гол соғады – иә» нұсқасы 2.13 коэффициентпен ұсынылған.

Кюрасао

Бұл құраманың басты ерекшелігі — оны атақты нидерландтық бапкер Дик Адвокат жаттықтырады. Оның басшылығымен команда КОНКАКАФ Ұлттар лигасының В деңгейінде топ жарды және А лигасына жолдама алды. Бұл кішкентай кариб аралы үшін үлкен жетістік. Дегенмен, қарсыластары Сент-Люсия, Гренада және Сен-Мартен болғанын ескерген жөн. Сондай-ақ Кюрасао Әлем чемпионатының іріктеуінің екінші кезеңінде де жаман нәтиже көрсетіп жатқан жоқ: 11 маусымда топтағы тікелей бәсекелесі Гаитиді 5:1 есебімен жеңді.

Канада

Джесси Марш шәкірттері турнирді тамаша бастады – топтағы жалғыз мықты қарсылас Гондурасты күйрете жеңді. Бұл ойында канадалықтар таза класпен жеңіске жетті. Допты бақылауда ұстаудан гөрі, шабуылдағы өткірлікке және әр шабуылды соққыға жеткізуге баса назар аударды. Қарсылас қақпасына 19 соққы жасалып, соның сегізі дәл, ал алтауы — голға айналды. «Вильярреал» ойыншысы Тейджон Бьюкенен дубль жасады. Алайда матчтың үздік ойыншысы атағы «Торонто» командасының оң қаптал қорғаушысы Ричи Ларьяға бұйырды — ол бір жарым тайм бойы қанатпен шабуыл ұйымдастырды.

Статистика және жеке кездесулер

2022–2023 маусымында командалар КОНКАКАФ Ұлттар лигасында кездескен. Ол кезде Канада өз алаңында 4:0, сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

Болжам

Дик Адвокат — өте тәжірибелі маман. Алайда ойыншы деңгейінде айырмашылығы өте үлкен қос команда арасындағы ойында сенсация күту қиын. Канада форасы –1.5 нәтижесіне бәс тігуді ұсынамыз, коэффициент — 1.81.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча