21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қытай Гран-приі» спринт біліктілігінде жаңа рекорд орнатылды

«Ferrari» пилоты Льюис Хэмилтон «Қытай Гран-приі» спринт біліктілігінде керемет нәтиже көрсетіп, трассаның жаңа рекордын (1:30.849) орнатты және поул-позицияны жеңіп алды.

Алдыңғы қатарда Хэмилтонмен бірге оның ескі қарсыласы, «Red Bull» пилоты Макс Ферстаппен тұр. Үшінші орынды «McLaren» өкілі Оскар Пиастри иеленді.

«McLaren» біліктілік бойы жоғары жылдамдық көрсеткенімен, Ландо Норрис шешуші сәттерде қателесіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Жалпы нәтижелер:
4. Шарль Леклер («Ferrari»)
5. Джордж Расселл («Mercedes»)
6. Ландо Норрис («McLaren»)
7. Андреа Кими Антонелли («Mercedes»)
8. Юки Цунода
9. Алекс Албон
10. Лэнс Стролл

Біліктіліктің екінші кезеңінде «Haas» командасының жас пилоты Оливер Бирман күтпеген жоғары нәтиже көрсетіп, 12-орын алды. Ал «Red Bull» пилоты Лиам Лоусон жылдам айналымы жойылғаннан кейін соңғы орынға түсті.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!