Оқу уақыты: 1 мин

Қырғызстандық танымал Бакудегі UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Қырғызстандық танымал Бакудегі UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Қырғызстандық файтер Мыктыбек Оролбай келесі жекпе-жегін 21 маусымда Бакудегі UFC турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның жаттықтырушысы Тынчтыкбек Омурзаков хабарлады.

Оролбайдың қарсыласы жергілікті файтер Тофик Мусаев болады – бұл оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі. Кездесу жеңіл салмақта (70 келіге дейін) жоспарланған.

Мусаев бұған дейін жапониялық Rizin ұйымында өнер көрсетіп, 2023 жылдың қарашасында қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Сондай-ақ ол осы промоушенның гран-при иегері атанды.

33 жастағы әзербайжандық ММА бойынша 27 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жетіп, 5-інде ғана жеңілген.