Оқу уақыты: 1 мин

Кварацхелия дубль жасап, ПСЖ-ге жеңіс әкелді

Кварацхелия дубль жасап, ПСЖ-ге жеңіс әкелді

Лига 1-дің 34-турында ПСЖ сырт алаңда «Осерді» 3:1 есебімен жеңді. Матчтың екінші таймында париждік клубтың қанат шабуылшысы Хвича Кварацхелия дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Қыста «Наполиден» ауысқан грузин футболшысы ПСЖ құрамында 24 матчта 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Осылайша, 24 жастағы ойыншы жаңа клуб сапында 11 нәтижелі әрекет тіркеді.