Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың ажырасу жаңалығына қатысты пікір білдірді.
«Жігіттер, мені белгілеуді доғарыңдар, маған қандай қыздар ұнайтынын айттым ғой», – деп жазды ол Instagram-да.
Хамитовтың Алтынбековаға деген қызығушылығы 2020 жылы «Қызық Live» бағдарламасында байқалған. Сол кезде ол бір қызды бақылап жүргенін айтып, кейін оның Сабина екені анықталған.
Айта кетейік, волейболшы 2020 жылы продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққан. Жұбайлар 10 айдан кейін ұлды болды. Өткен аптада Сабина Алтынбекова ажырасқанын жариялады.