Оқу уақыты: 1 мин

Қуат Хамитов алматылық қыздарды сынға алды

Қуат Хамитов алматылық қыздарды сынға алды

Қазақстандық танымал ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаттығудан келе жатырмыз. Әлішер екеуміз бір-бірімізге «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп сұрап келе жатырмыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», — деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, ақпан айында Хамитов ресейлік спортшы Магомед Исмаиловпен кездесетіні туралы ақпарат пайда болған. Алайда жақында ғана қазақстандық бұл айқастың өтпейтінін айтты.