10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кристиан Хорнердің мансабын жалғастырудың төрт мүмкін нұсқасы

Кристиан Хорнердің мансабын жалғастырудың төрт мүмкін нұсқасы

Motorsport.com мәліметі бойынша, Red Bull Racing командасынан күтпеген кетуінен кейін Формула-1-дегі ең табысты жетекшілердің бірі — Кристиан Хорнер мансабын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастыруда.

51 жастағы маман үшін бірінші нұсқа — қазіргі жетекшісі Фред Вассердің жағдайы тұрақсыз болып тұрған Ferrari командасына ауысу. Бұған дейін Хорнер Ferrari төрағасы Джон Элканннан ұсыныстар алған, бірақ сол кезде бас тартқан.

Екінші мүмкіндік — жақында басқарушы директор қызметіне Стив Нильсен тағайындалғанына қарамастан, Alpine командасына қосылу. Энстоундағы команда Хорнердің үйіне жақын орналасқан, бұл қосымша артықшылық болуы мүмкін.

Сондай-ақ, команда жетекшілері бұрын жұмыс істеген әкімшілік құрылымдарға — FIA немесе Formula 1-ге ауысу мүмкіндігі бар. Соңғы нұсқа — Хорнер әрдайым құрметті қонақ болған Sky Sports-та телевизиялық сарапшы мансабын бастау.

Red Bull-да 20 жыл жұмыс істеген Кристиан Хорнер 406 гран-приге қатысып, конструкторлар Кубогын алты рет және жеке есепте сегіз чемпиондық атақ жеңіп алған.