05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду Ұлттар лигасындағы жеңісіне пікірін білдірді

Криштиану Роналду Ұлттар лигасындағы жеңісіне пікірін білдірді

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Германияға қарсы өткен Ұлттар лигасының жартылай финалындағы 2:1 есебімен аяқталған жеңістен кейін матчтан түсірілген суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Футболшы суретке: «Алға, Португалия!» — деп жазба қалдырған.

40 жастағы Роналду аталған кездесуде жеңіс добын соқты. Ол 68-минутта гол салып, командасын алға шығарды. Бұл гол оның кәсіби мансабындағы 937-ші голы болды. Соның ішінде 137 добын ол Португалия ұлттық құрамасы сапында соққан.