05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду: «Мен миллиардер атанғаныма бірнеше жыл болды»

Криштиану Роналду: «Мен миллиардер атанғаныма бірнеше жыл болды»

Португалия құрамасының және саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду журналист Пирс Морганның қаржылық жағдайына қатысты қойған сұрағына әзілімен жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Морган футболшыдан: «Өткен аптада миллиардер атандыңыз ба?» – деп сұраған. Бұл сұрақ қазан айында Bloomberg басылымы жариялаған материалға байланысты қойылған еді. Онда Роналдудың байлығы 1,4 миллиард доллар деп бағаланып, ол тарихтағы алғашқы футболшы-миллиардер атанғаны жазылған.

«Жоқ, бұл шындыққа жанаспайды. Мен миллиардер атанғаныма бірнеше жыл болды», – деп күлді Роналду.

Өткен маусымда португалдық жұлдыз «Аль-Наср» сапында барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 35 гол және 4 нәтижелі пас тіркеген. Қазіргі маусымда клуб Сауд Арабиясы чемпионатында бес матчтан кейін 15 ұпай жинап, көш бастап келеді.