28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду испан клубымен жолдастық кездесуде ойнайды

Криштиану Роналду испан клубымен жолдастық кездесуде ойнайды

Криштиану Роналду «Әл-Наср» мен «Альмерия» арасындағы жолдастық кездесуге қатысады — ойын 10 тамызда Испанияның Альмерия қаласында өтеді.

Жергілікті клуб үшін бұл кездесу Испания футболының екінші дивизионы — Сегундадағы жаңа маусым алдындағы соңғы сынақ болмақ.

Айта кетерлігі, Роналду «Альмерияның» жаңа иесі Мохамед Әл-Хереиджимен достық қарым-қатынаста — БАҚ мәліметтері бойынша, португалдық шабуылшы клубтың қосалқы иесі болуы мүмкін.

«Альмерия» Сегундадағы қатарынан екінші маусымға дайындалуда — команда өткен маусым қорытындысы бойынша жоғары дивизиондағы орнынан айырылған болатын.