29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кететін болды

Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кететін болды

Даңқты португалдық футболшы Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кететін болып шешті. Саудиялық клуб жуырда бұл ақпаратты ресми мәлімдейді деп жазады Vesti.kz.

Роналду Эр-Риядтың клубына осыдан екі жарым жыл бұрын келген. Алайда, осы уақытта команда бірде-бір трофей жеңе алмады. Дегенмен, «Әл-Насрға» атақ пен даңқ және танымалдық алып келді.

Marca басылымының жазуынша, клуб басшылары жақын күндері баспасөз конференциясын өткізіп, алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасайды. Роналдудың тағдыры да осы сәтте шешілмек.

Әзірге португалдық шабуылшының қай клубқа ауысатыны белгісіз. Дегенмен, бір анығы, ол биыл болатын клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Алдын ала болжам бойынша, Роналду бұл турнирде «Әл-Хилалдың» намысын қорғауы мүмкін.

40 жастағы футболшының шешім қабылдауына берілген уақыт тығыз. Сауд Арабиясында трансферлік кезең 2 маусымда ашылып, 10-на жабылады. Осы уақыт аралығында ол нақты таңдау жасауы тиіс.