25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Криштиану Роналду ұлттық құрамалар деңгейінде жаңа рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду Данияға қарсы өткен матчтың (5:2) алдында Гиннес рекордтар кітабынан арнайы сертификат алды. Ол бұл марапатқа ұлттық құрамалар деңгейіндегі ең көп жеңіске жеткен футболшы ретінде ие болды.

Роналду «Португалия» сапында 132 рет жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша «Монтеррей» қорғаушысы Серхио Рамосты басып озды.

УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында «Португалия» құрамасы «Германиямен» кездеседі. Ойын 4 немесе 5 маусымда өтеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!