Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду кіші Португалия құрамасында дебют жасады

Криштиану Роналду кіші Португалия құрамасында дебют жасады

Аңызға айналған португал футболшысының ұлы — Криштиану Роналду кіші — алғаш рет Португалияның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында алаңға шықты.

Ол Жапонияға қарсы Влатко Маркович атындағы турнир аясында өткен матчтың 54-минутында ойынға қосылды. Кездесу 4:1 есебімен Португалияның пайдасына аяқталды.

14 жастағы Роналдудың дебюттік кездесуін трибунадан оның әжесі — Криштиану Роналдудың анасы Долорес Авейру да тамашалады.

«Португалия құрамасындағы дебютіңмен құттықтаймын, ұлым. Сенімен мақтанамын», — деп жазды Роналду өзінің Instagram парақшасында.

Матчты «Манчестер Юнайтед» және басқа да ірі еуропалық клубтардың скауттары бақылаған. Қазіргі уақытта Роналду кіші Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жастар командасында ойнайды.

Португалия U15 құрамасы турнир барысында Грекия және Англия командаларымен де кездеседі.